Жаңалықтар

Қордайдағы пробация есебінде тұрған азаматтардың басын қосқан кездесу «Қоғам міндеті» тақырыбында өрбіді.

Қордайдағы пробация есебінде тұрған азаматтардың басын қосқан кездесу «Қоғам міндеті» тақырыбында өрбіді.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолға алынып, ұсынылып жатқан мүмкіндіктер көп. Ол әсіресе, мемлекеттік бағларламалар арқылы жиі жүзеге асады. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламалардың мақсат-міндеттері мен талаптарын, ережелерін шалғайда жатқан ауыл-аймақтағыларға түсіндіру — қоғамдағы негізгі міндеттердің біріне айналды.
Осы мәселені ескере келе, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ нің ұйымдастырумен өткен кездесуде тың ақпараттар айтылды. Қауымдастық Президенті — Еркін Әбдиев іс-шараға арнайы барып, кездесуге жиналған азаматтармен пікір алмасты.
Сонымен қатар, «Жамбыл облыс Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестінің төрағасы әрі 2022 жылдың «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық грант байқауы мен 2024 жылғы «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» грант байқауының, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның бірнеше кіші гранттаның жеңімпазы Азамат Намелбекұлы спикерлік етті. Ол өз сөзінде тәжірибесін негізге ала отырып, мемлекеттік бағдарламалардың ұсынатын мүмкіндіктерін атап өтті. Сонымен бірге, пробация есебінде тұрған азаматтар қатыса алады ма, олар үшін қандай талаптар бар және қандай мүмкіндіктер қарастырылғандығы жөнінде кеңестерімен бөлісті.
«Әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Өткен жылы еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын қызмет түрі. Еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар қоғамдағы кез келген азаматтың белгілі бір мүмкіндіктерге ие болуына жағдай жасайды», — деді Азамат Намелбекұлы
Ал Жамбыл облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті Қордай аудандық пробация қызметінің бастығы — Темірхан Ошанов кездесуге арнайы келген азаматтардың көкейкесті сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Кездесу соңы екіжақты пікір алмасуға ұласып, тақырып аясындағы негізгі мәселелердің нүктесі қойылды.пробация

Ұқсас жазбалар

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

Таразда жас қаламгерлердің шоғыры қалыптаспақ

admin123

«Заң заман талабы» атты тренинг өтті

YouthUnion Redaktor