Жаңалықтар

«Адал азамат – белсенді қоғам атты» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру жобасы өтті

  «АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының (бұдан әрі — Орталық) қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Азаматтық Альянсы, Қазақстанның Азаматтық Альянсымен серіктестікте үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), белсенді азаматтар мен құқықтық мәселелерге арналған өзге де азаматтық қоғам институттарының өкілдері үшін 28 тамыз күні сағат 10:00 – 17:00 аралығында Ашық есік күні өткізілді.

Орталықтың мақсаты – ҮЕҰ секторы мен Азаматтық бастамаларды қолдай    және дамыта отырып, жүргізіліп жатқан реформалар мен қайта құрулар төңірегінде қоғамды жұмылдыру және шоғырландыру үшін институционалдық алаң құру.

Орталық азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді әріптестік құруға ықпал ете отырып, ҮЕҰ-секторының әлеуетін қолдау мен нығайтудың негізгі буыны болады. Орталық өз қызметі шеңберінде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған және азаматтар мен жастардың қоғамдық процестерге белсенді қатысуына ықпал ете отырып, әлеуметтік бастамаларды іске асыруда орталық рөл атқаратын болады.

Ашық есік күнінде қатысушылар орталықтың мақсаттары мен міндеттерімен танысты, ҮЕҰ және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың құқықтық аспектілерін талқылады, сондай-ақ Әлеуметтік және азаматтық бастамаларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат алды. Қатысушыларға кеңес беруді жобаның серіктестері жүргізді: өңірлік әділет департаменттерінің өкілдері, адвокаттар, нотариустар, адам құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар. Іс-шара барысында кеңесшілер түрлі конституциялық және құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсетті. Және іс-шараға 20-дан астам ҮЕҰ және мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.

видео

Ұқсас жазбалар

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті

“Психология өмір айнасы” атты білікті психологпен семинар өтті

Қордайдағы пробация есебінде тұрған азаматтардың басын қосқан кездесу «Қоғам міндеті» тақырыбында өрбіді.