Жаңалықтар

Шу ауданында аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық себеті таратылды

2026 жылғы 28 қыркүйек күні «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, Шу қаласы әкімдігінің тапсырысы аясында аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, олардың тұрмыстық жағдайына қолдау білдіру және қоғамдағы қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Іс-шара барысында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік өнімдерінен құралған қайырымдылық себеттері табысталды. Қайырымдылық себеттеріне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері енгізіліп, отбасыларға көмек ретінде жеткізіліп берілді.

Шара аясында ұйымдастырушылар отбасылармен жүздесіп, олардың жағдайымен танысты. Мұндай бастамалар әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға нақты көмек көрсетіп қана қоймай, қоғам мүшелерін бір-біріне қолдау көрсетуге, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға үндейді.

Қайырымдылық шарасы барысында жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мәдениетін дамытуға ерекше мән берілді.

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы жобалар мен қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыру арқылы қоғамның әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуді жалғастырады.

Ұқсас жазбалар

«Пробация есебіндегі азматтарымен» кездесу

YouthUnion Redaktor

2026 жылдың 10 қыркүйегінде студенттерге арналған «Мамандық таңдау – болашақ» тақырыбында кезекті кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылып өткізілді

YouthUnion Redaktor

IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor