Жаңалықтар

«Білім беру ұйымдарында зайырлылық қағидаттарын сақтау: ата-аналармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары»

2026 жылғы 1 қазан күні сағат 12:00-де Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында «Оқу орындарында зайырлы талаптарды орындамайтын ата-аналармен профилактикалық және оңалту іс-шараларын өткізу» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында зайырлылық қағидаттарын сақтау, ата-аналардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, білім беру саласындағы зайырлы талаптардың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту.

Кездесуге спикер ретінде дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қанат Жұмағұл қатысты.

Іс-шара барысында білім беру ұйымдарында зайырлылық қағидаттарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Спикер оқу орындарында білім алушылардың діни көзқарастарына қарамастан, олардың білім алу құқықтарының тең дәрежеде қамтамасыз етілуі, мектептің зайырлы білім беру ортасы ретіндегі рөлі және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында белгіленген талаптарды сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау және балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау қажеттілігі түсіндірілді. Діни сенім мен зайырлы білім беру жүйесінің өзара үйлесімділігі, қоғамдағы діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында ата-аналармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, туындаған мәселелерді өзара диалог арқылы шешудің маңыздылығы атап өтілді. Спикер ата-аналарға баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Ашық пікір алмасу арқылы ата-аналардың зайырлылық қағидаттары мен білім беру ұйымдарындағы талаптар туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасалды.

Кездесу қорытындысында білім беру ұйымдарында зайырлылық қағидаттарын сақтау, ата-аналармен жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізу және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы білім алу ортасын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

«Ай астындағы тұмса жыр» атты поэтикалық кеші өтті

«Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылыққа медиацияның әсері» атты мастер-класс өткізілді

YouthUnion Redaktor

«Пробация есебіндегі азаматтарымен» кездесу

YouthUnion Redaktor