Жаңалықтар

«Сезімдер панорамасы» арт-терапиялық психологиялық тренингі өтті

2026 жылғы 8 мамыр күні Шу ауданында жастардың эмоционалдық саулығын нығайтуға және психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған «Сезімдер панорамасы» атты арт-терапиялық психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара жастар арасында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, ішкі эмоцияларды дұрыс басқару және арт-терапия арқылы өзін-өзі тануға бағыт беру мақсатында өткізілді.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы — Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі. Ал тапсырыс беруші ретінде Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мекемесі қолдау көрсетті.

Қазіргі таңда жастар арасында эмоционалдық күйзеліс, ішкі алаңдаушылық, өз ойын ашық жеткізе алмау сынды мәселелер жиі кездеседі. Осындай түйткілдердің алдын алу және жастарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған тренинг ерекше форматта өтті. Арт-терапия — адамның ішкі жан дүниесін шығармашылық арқылы ашуға мүмкіндік беретін тиімді психологиялық әдістердің бірі. Тренинг барысында қатысушылар сурет салу, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау және топтық жаттығулар арқылы өз сезімдерін еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

Іс-шараның негізгі спикерлері ретінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық психологиялық қолдау орталығының тәжірибелі әдіскер-психологтары шақырылды. Атап айтқанда, әдіскер-психолог Раимбекова Тамара Пралиевна жастармен эмоционалдық тұрақтылық, ішкі сенімді қалыптастыру және күйзелісті басқару тақырыптарында кеңінен әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, қатысушылармен психологиялық жаттығулар өткізіп, олардың бойындағы қорқыныш пен алаңдаушылықты жеңуге арналған тәсілдермен бөлісті.

Сондай-ақ әдіскер-психолог Алпысбаева Жанар Садыковна арт-терапияның адамның психологиялық саулығына әсері туралы түсіндіріп, шығармашылық жұмыстар арқылы адамның ішкі жан дүниесін тануға болатынын атап өтті. Қатысушылар түрлі бояулар мен бейнелеу элементтері арқылы өз көңіл-күйін, өмірге деген көзқарасын және ішкі сезімдерін қағаз бетіне түсірді. Бұл әдіс жастардың өз эмоцияларын тануына және оларды дұрыс қабылдауына оң әсерін тигізді.

Тренинг барысында қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастырылып, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Жастар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Ашық форматтағы әңгіме қатысушылардың бір-біріне деген сенімін арттырып, психологиялық қолдаудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.

 

Іс-шараға арнайы қатысқан Намелбек Азамат — «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті жастармен кездесіп, мұндай психологиялық тренингтердің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Ол жастардың жан саулығы — ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жастарға арналған осындай пайдалы жобалар жалғасатынын жеткізді.

Тренингтің басты мақсаты — жастардың эмоционалдық саулығын қолдау, психологиялық тұрақтылықты дамыту және арт-терапия арқылы өзін-өзі тануға бағыт беру болды. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін еркін сезініп, шығармашылық арқылы ішкі жан дүниесін ашуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, психологиялық жаттығулар олардың көңіл-күйін көтеріп, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Бүгінде жастардың психологиялық денсаулығына ерекше көңіл бөлу — қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Себебі эмоционалды тұрақты, рухани сау жастар — елдің жарқын болашағының негізі. Осындай игі бастамалар жастардың өмірлік қиындықтарға төтеп беруіне, өз-өзіне сенімді болуына және қоғамда белсенді тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.

«Сезімдер панорамасы» арт-терапиялық психологиялық тренингі қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың рухани дамуына оң ықпалын тигізді. Жастар тренингтен пайдалы тәжірибе алып, психологиялық қолдаудың маңызын терең түсінді.

 

Ұқсас жазбалар

«Заң заман талабы» атты тренинг өтті

YouthUnion Redaktor

«Пробация есебіндегі азматтарымен» кездесу

YouthUnion Redaktor

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті