Конкурс “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” ЗТБ ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның операторы – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.
Конкурс аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға арналған 5 шағын грант беріледі. Бір грант көлемі – 500 000 теңге.
Конкурсқа Жамбыл облысында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
📌 2026 жылғы 26 маусым – 3 шілде аралығы
Оқыту курсының өткізілу мерзімі:
📌 2026 жылғы 30 маусым – 3 шілде аралығы
Жобалық өтінімдерді қабылдау:
📌 2026 жылғы 30 маусым – 7 шілде аралығы
Конкурс нәтижелері:
📌 2026 жылғы 13 шілдеде жарияланады.
Әлеуметтік бастамаңызды жүзеге асырып, өңір дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!
Конкурс ережесі:






Конкурсқа қатысуға өтінім формасы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeZ2XQFnyrfnCGhZOSNbZRWA9Rpp3KpAoRCH2RmFewwAAjRLQ/viewform?usp=header
