Жаңалықтар

«Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылыққа медиацияның әсері» атты мастер-класс өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің Ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырмасы аясында, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін «Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылыққа медиацияның әсері» атты мастер-класс өткізілді.

Мақсаты:
Әлеуметтік осал топтар өкілдерін құқықтық ақпаратпен таныстыру, әлеуметтік қолдау және көмек алу жолдарын көрсету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:
• Қатысушыларға әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау шаралары туралы нақты ақпарат беру;
• Құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

2025 жылғы 19 қарашада Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Әлия Исмадильдақызы қатысуымен Тараз политехникалық колледжінде мастер-класс өткізілді.

Шара барысында спикер әлеуметтік осал топтарға — көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, қарттарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және аз қамтылған азаматтарға — арналған құқықтық ақпарат беріп, әлеуметтік қолдауға қол жеткізу жолдарын түсіндірді. Арзымбетова Әлия адам құқықтарының қорғалуы мен қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі кез келген мемлекеттің өркениеттілігін айқындайтын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға қатысты практикалық кеңестер алды.

Мастер-класс қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізу жолдарын көрсетуге бағытталды.

Ұқсас жазбалар

Отбасы – Бақыт мекені

«Зорлық — зомбылықсыз отбасы — бақыт мекені» тақырыбында форум өтті

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті