Жаңалықтар

«Медиациялық процестің негізгі принциптері мен тиімділігі» тақырыбында мастер-классы өткізілді

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен  әлеуметтік осал топтардын өкілдері арасында «Медиациялық процестің негізгі принциптері мен тиімділігі» тақырыбында мастер-классы ұйымдастырылды

Мақсаты:

Әлеуметтік осал топтар өкілдерін құқықтық ақпаратпен таныстырып, әлеуметтік қолдау және көмек алу жолдарын көрсету; олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

·       Қатысушыларға әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау шаралары туралы нақты ақпарат беру;

·       Құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

10 қараша 2025 жылы Асар Үмі Қоры Жамбыл облысының «Кең Жүрек — Мын Бала» атты жобасының қатысушыларына арналған мастер-класс өткізді.

 

Іс-шара ҚР Президентінің грант иегері, «Халықаралық Жыл Волонтёрі 2022–2023» атағының иегері қатысуымен өтті. Мастер-класс Жамбыл облысы жастар ұйымдарының «Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен ұйымдастырылды.

Screenshot

Мастер-класс барысында қатысушыларға волонтерлік тәжірибе, әлеуметтік жобаларды басқару, көшбасшылық және командалық жұмыс дағдылары туралы практикалық ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға қатысты кеңестер алды.

 

Бұл шара жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, қоғамдық маңызды жобаларға қатысуына және көшбасшылық қабілеттерін дамытуына зор үлес қосады

 

Ұқсас жазбалар

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

«Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor

Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

YouthUnion Redaktor