Жаңалықтар

Медиация бейбіт келесімге бастар жол» кездесуі

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 6 қараша күні Мойынқұм аудандағы ,Мағжан Жұмабаев орта мектебінде «Медиация бейбіт келесімге бастар жол» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

Оқушыларға медиацияның мәні мен қоғамдағы рөлін түсіндіру, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен түсіністікке тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

Медиацияның құқықтық және адамгершілік негіздерітуралы түсінік беру;
Оқушылар арасында келісім мен татулыққа шақыратын мәдениетті қалыптастыру;

Өзара тыңдау, пікір алмасу және түсіністікке баулу

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Іс- шара қатысушылармен сәлемдесіп, қоғамның дамуының басты шарттарының бірі – әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген құрметі екенін атап өтті

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Кездесу барысында медиацияның мәнін түсіндіріп, қатысушыларға дау-жанжалдарды сабырлықпен, бейбіт жолмен шешудің әдістерін көрсетті. Ол медиацияның тек қақтығысты реттеу құралы емес, адамдар арасындағы өзара түсіністік пен татулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.Сондай-ақ қатысушыларға әр жағдайға байыппен қарап, бір-бірін тыңдауға, келісімге келуге үйрену маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, ол медиацияның өмірде, мектепте және қоғамдағы бейбіт атмосфераны сақтаудағы рөлін практикалық мысалдар арқылы көрсетті.

Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісе отырып, медиацияның маңызын жақсырақ түсінді

Ұқсас жазбалар

«Дін мен қоғам» атты жастармен кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Заң заман талабы» атты тренинг өтті

YouthUnion Redaktor

«Медиация қоғамдық келісім мен ұлыттық бірлікті қамтамасыз етуші тетік» кездесуі

YouthUnion Redaktor