Жаңалықтар

«Пробация есебіндегі азматтарымен» кездесу

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен  2025 жылы 04 қараша күні Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының  “Мәдинет үиінде” ауыл тұрғындарымен «Пробоция есебіндегі азматтармен» құқықтық қызметтерге байланысты еркін форматта  кездесу өткізілді.

Мақсаты:

Пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету және қоғамға қайта оралуына моральдық-психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

  • Пробация қызметінің мақсат-міндеттерін түсіндіру;
  • Азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту;
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдарын түсіндіру;
  • Әлеуметтік бейімделу мен өз өміріне деген оң көзқарасты қалыптастыру;
  • Еңбекке, қоғам өміріне белсенді араласуға ынталандыру.

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Кездесу барысында, қатысушылармен жылы сәлемдесіп, іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын атап өтті. Ол қоғамның дамуы мен тұрақтылығы әрбір азаматтың заңға бағынуы мен өз ісіне жауапкершілікпен қарауына байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, пробация жүйесінің басты міндеті – азаматтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру, олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету екенін ерекше атап өтті.

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Кездесу барысында спикер пробация есебіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірме берді. Ол өмірлік бағыт-бағдар таңдауда саналы шешім қабылдау, өз-өзін дамыту және қоғамға пайдалы тұлға болу жолындағы қадамдардың маңызын айтты. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу және қайта қылмысқа жол бермеу мәселелеріне тоқталды. Спикердің мазмұнды сөзінде адамгершілік, төзімділік және өз-өзін өзгертуге ұмтылыс сияқты құндылықтар ерекше атады. Қатысушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу жолдары, психологиялық тұрақтылық пен еңбектің адам өміріндегі орны туралы пайдалы кеңестер берді.

Кездесуде пікір алмасу және ашық сұхбат түрінде өтті. Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне және өз болашағына сеніммен қарауына ықпал етеді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Ұқсас жазбалар

Жастар ұйымдарының Қауымдастығына жаңа басшысы тағайындалды

«Медиация татулық пен түсініктін кілті» кездесуі

YouthUnion Redaktor

«Азаматтық қоғамның әлеуеттін арттыру» семинары өтті