Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ЗТБ “Жамбыл обылысы жастар ұйымының Қауымдастығы” ұйымдастыруымен 2025 жылғы 12 мамыр күні Шу ауданы, Төле би ауылында Теміржол колледжі, 10 колледжі мен Мақатаев мектебі «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — Оқушылар мен жастар арасында буллинг (қорлау, мазақтау, қысым көрсету) ұғымының мәнін ашу, оның түрлері мен зиянды әсерлері туралы түсінік беру, сондай-ақ, буллингтің алдын алу жолдарын үйрету арқылы қауіпсіз, достық қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыру.
Шарада модератор ретінде “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ президенті Еркін Әбдиев сөз сөйледі.
Буллинг пен кибербуллинг – қазіргі қоғамда, әсіресе жастар мен балалар арасында кең таралған әлеуметтік мәселе. Бұл жағдайлар жеке тұлғаның психологиялық, эмоционалдық, кейде физикалық тұрғыда зардап шегуіне себеп болады.
Төменде буллинг және кибербуллинг туралы толық әрі түсінікті ақпарат берілген:
Буллинг деген не?
Буллинг – бір адамның немесе топтың басқа адамға немесе топқа қатысты жүйелі түрде қудалау, қорқыту, мазақ ету, күш көрсету әрекеттері.
Буллингтің түрлері:
● Физикалық – ұру, итеру, затын алу
● Сөздік – мазақ ету, кемсіту, балағаттау
● Психологиялық – қорқыту, жалған ақпарат тарату, оқшаулау
● Әлеуметтік – топтан шеттету, достарынан айыру
Білікті психолог Әбдуалиева Арайлым Әділбекқызы, Буллинг онлайн нeмece тeлeфон арқылы жүзeгe аcырылуы мүмкiн. Олардың қатарына рeнiштi хабарламалар мeн cурeттeр, зұлым мiнeп-cынаулар жiбeру жатады. Бұлардың барлығы кибeрбуллинг дeп аталады.
Кибербуллинг деген не?
Кибербуллинг – интернет пен цифрлық технология арқылы жасалатын қудалау, қорқыту, кемсіту.
Кибербуллинг мысалдары:
● Әлеуметтік желілерде қорлайтын пікірлер жазу
● Қорлау немесе мазақ етуге бағытталған фотосурет/бейне тарату
● Жалған аккаунт ашып, беделге нұқсан келтіру
● Жеке хаттармен қорқыту немесе шантаж жасау
Буллинг пен кибербуллингтің салдары
● Төмен өзін-өзі бағалау
● Қорқыныш, күйзеліс, ұйқысыздық
● Мектепке барудан немесе қоғамға шығудан бас тарту
● Жарақаттану, тіпті өзіне қол жұмсауға дейін бару
________________________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша
ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерінде буллинг және кибербуллинг үшін тікелей баптар жоқ, бірақ төмендегі баптармен жауапкершілік қарастырылады:Сонымен қатар, «Баланың құқықтары туралы» Заң негізінде баланы қорлауға жол берілмейді.
Не істеу керек?
Егер сіз немесе сіздің балаңыз буллингтің құрбаны болса:
● Психологқа немесе мектептегі сенім қызметіне жүгініңіз
● Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісіне хабарлаңыз
● Құжаттамалар (скриншот, хаттар) сақтап қойыңыз
● Полицияға немесе прокуратураға арыздануға болады
● «111» – Балаларға арналған ұлттық сенім телефонына хабарласыңызАлдын алу шаралары
● Балалар мен ата-аналарға арналған түсіндіру сабақтары мен тренингтер
● Мектепте психологиялық қолдау қызметі
● Оқушылар арасында достық пен сыйластық атмосферасын қалыптастыру
Буллинг пe, әлдe жәй ғана әзiл мe?
Eгeр ceнi бiрeу мазақ қылған жағдайда нeмece доcтарыңмeн жанжалдаcып қалғанда, cаған бәрi дe жаман көрiнiп, барлық адамдар cаған қарcы дeгeн ой туындайды. Тiптi «бұл жәй ғана әзiл-қалжың ғой» дeп айтқан жағдайда да, ceн өзiңдi әлi дe ыңғайcыз ceзiнуiң мүмкiн. Бiрақ, бұның барлығы өткiншi eкeнiн ұмытпа.
Өзiңe дeгeн ceнiмдiлiктi, батылдықты қалай арттыруға болатындығы жайында бiздiң кeңecтeрiмiздi оқы. Бұл cаған жаңа доcтар табуды, өз ойыңды қыcылмай бiлдiрудi үйрeнугe көмeктeceдi. Жәнe дe eciңнeн шығарма, ceн әрдайым бiзгe cұрақтар қоя алаcың, бiздiң форумда баcқа балалармeн тiлдece алаcың нeмece 111 ceнiм тeлeфонына қоңырау шала алаcың.
Мұғалiм тарапынан туындаған буллинг
Ceнiң мұғалiмдeрiң cаған үнeмi баc-көз болуы тиic. Мeктeптe жұмыc icтeйтiн eрeceктeрдiң бiрiнiң ceнi кeмciтуi дұрыc eмec. Eшкiмнiң ceнi ақылcыз ceзiндiругe, мазақтауға нeмece әдiлeтciз жазаға тартуға құқығы жоқ.
