Жамбыл облысынын ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ -мен 2025 жылы 15 тамыз күні «Ойтал» ауылы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен «Менің құқықтарым – менің міндетім» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Қатысушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, заңға құрмет пен қарау дағдысын қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Міндеттері:
- Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары туралы ақпарат беру;
- Құқық пен міндеттің өзара байланысын түсіндіру;
- Қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту.
Іс-шара модераторы «Жамбыл облысы Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлістігінің Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:
Іс шараға қатысушылары мен сәлемдесіп, кездесу тақырыбымен таныстырды.
Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облысының заң Палатасының мүшесі Джумажанова Раушан Ескермесованың сөзі:
Бұл жай ғана сөз тіркесі емес, бұл – әрқайсымыздың өмірлік ұстанымымыз болуы тиіс қағида.Әрбір адам туғаннан бастап белгілі бір құқықтарға ие. Бұл құқықтар бізге білім алуға, еңбек етуге, ойымызды еркін жеткізуге, қауіп сіз өмір сүруге мүмкіндік береді. Осының бәрі – біздің заңмен қорғалатын мүмкіндіктеріміз. Бірақ құқықтарымызды пайдалану – шексіз еркіндік деген сөз емес.Құқықтар мен бірге міндеттер де бар. Бұл – заңды сақтау, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, қоғамға пайда келтіру, табиғатты қорғау, Отанды сүю және қорғау екенін түсінуге шақырды.Бүгінгі шарада ҚР Конституциясында бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтарды талқылайтындығын айтты.Жекк тұлға құқығын қалай қорғауға болатынын және міндеттерді орындаудың жолдарын үйренетіндігін айтып,бұл тек теориялық әңгіме емес, өмірімізге тікелей қатысты мәселе. Өйткені құқықты біліп, міндетті орындаған азамат – өз елінің нағыз тірегі.Сондықтан, бүгінгі іс-шараға белсенді қатысып, пікір бөлісуге, сұрақтар қоюға шақыратыныдығын атап өтті.Бірге ой бөлісейік, бірге үйренейік, бірге қоғамымыздың құқықтық мәдениетін көтерейік!-деп үндеу тастай отырып,ойын қорытындылады.

