Жаңалықтар

«Jambyl Civil Hub» жобасы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту курсы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік тапсырысы аясында гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асырылып жатқан «Jambyl Civil Hub» жобасы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту курсы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі өткізді.
Оқыту курсына Жамбыл облысында тіркелген, қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға және азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуға ниетті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Оқыту курсын «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басқарма төрағасы Дастан Исламбек және «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ким Полина жүргізді. Кездесу барысында облыстық ҮЕҰ атқарылып жатқан жұмысы, азаматтық қоғамның белсенділігі туралы ақпарат берілді .
Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік жобаларды жоспарлау, қаржыландыру және тиімді іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Практикалық бөлімде жобалық идеяларды нақтылау және рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, «Jambyl Civil Hub» шағын гранттар конкурсы азаматтық бастамаларды қолдауға, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға және өңірдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Адал азамат – белсенді қоғам атты» азаматтық қоғам ұйымдарымен бірігу мәселелері бойынша семинар өтті

IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды

YouthUnion Redaktor

В городе Тараз начался прием заявок на конкурс малых грантов «Ортақ мүдде»

YouthUnion Redaktor