Жаңалықтар

Қордай ауданында футболдан спорттық жарыс өтті

2026 жылғы 22 маусымда Қордай ауданында пробация қызметкерлері арасында футболдан спорттық жарыс өтті.

Жарыс Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Спорттық шараға 3 команда қатысты. Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру және қатысушылар арасында командалық ынтымақтастықты нығайту.

Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің спорттық шеберліктері мен ұйымшылдығын көрсетті. Тартысты өткен футбол жарысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 I орын – «Сұңқар» командасы
🥈 II орын – «Қыран» командасы
🥉 III орын – «Барыс» командасы

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Ұқсас жазбалар

Сарысу ауданында жасөспірімдердің репродуктивті сауаттылығына арналған семинар өтті

“Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі” кездесуі

Меркіде «Ой шебері» зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды