2026 жылға арналған «Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу» жобасы аясында Ұйым ауылында дәстүрлі емес діни ағымдардың идеяларына ерушілермен ақпараттық-түсіндіру және оларды Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімдеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни идеологиялардың таралуына жол бермеу, азаматтардың ұлттық құндылықтар мен қоғамдық келісімнің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету. Сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, діни төзімділікті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Кездесуге дінтанушы Қанат Жұмағұл қатысып, қатысушыларға дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың адам санасына әсер ету жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Спикер діни мәселелерде дұрыс таңдау жасаудың, ақпаратты саралап қабылдаудың және күмәнді діни көзқарастарға сыни тұрғыдан қараудың маңыздылығын атап өтті.
Түсіндіру жұмыстары барысында діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, олардың алдын алу жолдары және азаматтардың бұл бағыттағы жауапкершілігі сөз болды. Сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын діни мазмұндағы ақпараттарға сақтықпен қарау, тексерілмеген деректерге сенбеу және діни сұрақтар туындаған жағдайда білікті мамандардан кеңес алу қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымы, ар-ождан бостандығы, заң талаптарын сақтау және түрлі діни көзқарастарға құрметпен қарау мәселелері қозғалды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін азаматтардың өзара түсіністігі мен жауапкершілігі маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу, отбасы құндылықтарын сақтау, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету және ел бірлігін нығайту мәселелеріне ерекше мән берілді. Ұлттық және рухани құндылықтардың адам бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудағы орны түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсу қаупін төмендету үшін тұрғындармен жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуы, әлеуметтік байланыстарын нығайтуы және заңды құрметтеуі тұрақты қоғамдық ортаны қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екені жеткізілді.
Жайылма ауылында өткізілген іс-шара тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалы туралы түсініктерін кеңейтуге және Қазақстан қоғамының құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Мұндай кездесулер діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, қоғамдық келісімді нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

