Жаңалықтар

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы №7 орта мектебінде «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті

Бірінші кезеңннің жетінші сұрағында «Байзақ ауданының қазіргі әкім кім?» деген сауал қойылды. Көп мектептер жауабын жазбай бос қалдырып, бес ғана мектеп аудан әкімін тура көрсеткен.

2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті.

Шараның мақсаты “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік.

Ойын Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырды. Ойынға  36 топ өтінім берді.

Ойынға арнайы ақын, сазгер Қасқырбай Нарбатыр, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басқарма төрағасы Исламбек Дастан алғысөз сөз сөйледі.

Зияткерлік ойында Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша” кітабы,  Бауыржан Момышұлы “Алыстан сәлем жолдаймын” кітабы,  Әкім Таразидің “Тұлпардың ізі” кітабы,  Қасқырбай Нарбатырдың “Қарашада қара өлең” атты жыр кітабы,Сансызбай Сарғасқаев “Тәмпіш қара” кітабынан сауалдар қойылды.

Ұқсас жазбалар

Меркіде «Ой шебері» зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

«Дарынды мектептер» лигасының алғашқы ойыны өтті

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» лигасы І ойыны өтті

YouthUnion Redaktor