Әлеметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі
|
Әлеметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы (негізгі қызметтік қысқаша сипаттамасы) | Іске асырылған әлеуметтік жоба мен (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тапсырыс берушілері (донорлар) және географиялық қамтылуы
|
Әлеуметтік жоба мен (немесе) әлеуметтік бағдарламаның құны, теңге | Әлеметтік жоба мен (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі |
2016 жыл тамыз — 2016 қараша | Интернет кеңістігінде мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмысын ұйымдастыру | «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, Жамбыл облысы | 1 785 714 | Блогерлер пулы құрылып, әлеуметтік желіде белсенді түрде мемлекеттік саясатты насихаттады. |
2016 жыл тамыз — 2016 қараша | Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары | «Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ, Шу ауданы | 707 000 | Аудандан онға жуық іс-шара өткізіп, шалғай ауылдарда кездесулер жүргізілді. |
2017 жыл мамыр — 2017 жыл қараша | Қоғамдық бақылауды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру | «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, Жамбыл облысы | 1 785 000 | Жоба нәтижесінде оннан астам Шу мен Жуалы аудандарында жаңадан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттары қолданысқа берілді. Жоба барысында оннан астам тікелей эфирлер жүргізіліп, облысымыздың күрделі мәселелер көтеріліп, Облыстық Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде қаралып, тиісті ұсынымдар жолданды. Осы жоба облыстық ішкі саясат басқармасында 2018 жылы жалғасын тапқан болатын. Жұмыстың оң нәтижесінің арқасында деп білем. Қоғамдық және Азаматтық бақылаулар бүгінгі таңда ашық қоғамның үлгілік белгісі. Қоғамның қозғаушы күшін болып азаматтар болғандықтан назар көп салынатын болады. |
2018 жыл шілде — 2018 қараша | «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу | «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, Жамбыл облысы | 1 339 000 | j-reception.kz сайтын ашылып, тамызбен желтоқсан айлары аралығында 125 сұрақ жолданып, 110 000 мың адам қамтылған болатын. Бұндай нәтиже SMM әдісі арқылы жеткен болатын.Осы жоба 2019 жылы тақырып тізбесіне қайта кірген болатын. Осы жобаны сайтында гранттың |
2018 жыл мамыр — 2018 қараша | Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру | «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, Жамбыл облысы | 2 232 000 | Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестердің ресми сайты іске қосылды. Q-kenes.kz сайтында облыстық, қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестердің атқарған жұмыстары туралы ақпараттар салынған. Осы жоба облыстық ішкі саясат басқармасында 2019 жылы жалғасын тапқан болатын. Жұмыстың оң нәтижесінің арқасында деп білем. Қоғамдық және Азаматтық бақылаулар бүгінгі таңда ашық қоғамның үлгілік белгісі. Қоғамның қозғаушы күшін болып азаматтар болғандықтан назар көп салынатын болады. |
2019 жыл ақпан — 2019 қараша | Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу | Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ, Қазақстан Республикасы | 18 000 000 | 2134 респондент сауалнама, 234 фокус топқа қатысушылардан кері байланыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде аналитикалық есеп дайындалып мүдделі органдарға жолданды. |
2019 жыл маусым — 2019 қараша | Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде | Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ, Қазақстан Республикасы | 4 050 000 | Онлайн оқыту курстарынан 69 тыңдаушы ақпараттандырудың жаңа әдістерін үйреніп, Қоғамдық кеңестер, еріктілер, қайырымдылық үкіметтік емес ұйымдар туралы инфографикалар, посттар, видеолар және презентациялар дайындалды. |
2019 жыл сәуір — 2019 қараша | Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру | «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, Жамбыл облысы | 5 544 000 | Жоба барысында бекітілген тақырыптар бойынша семинар-кеңестер мен отырыстар өткізілді. Қатысушыларға заманауи әдіс бойынша онлайн түрде семинар-кеңестер жүргізілді.
Жобаның “Табыс тарихы” адамдардың нәтижесін айта аламыз. Бірінші, тарих ол “YouTube АНАТОМИЯСЫ” атты онлайн семинарға қатысқан қатысушымыз Сабырбек Арайлым. ZOOM платформасымен өткізілген болатын, онда көптеген тың мәліметтер айтылған еді, соның нәтижесінде Сабырбек Арайлым Инста парақшамыз бен Facebook әлеуметтік желілерімізді жақсы жүргізіп, қаралым саны көбеюде. 6 тамыздан 24 тамыз аралығында ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ жүргізілді. Мониторинг нәтижесіне жүздеген мәселелер анықталды. Видеолардың фэйсбуктегі қаралымы — 25 мыңнан асты. Балалардың кезекші сынып пен қашықтай оқитынын айта отырып, ауылдағы интернет, мектептегі интернет, жаңа оқу жылана дайындық, оқушыларға кітаптар берілу, іштегі және даладағы әжетханалар зерделенді. Тараз қаласындағы орналасқан №6 орта мектебіндегі орын алған жағдай барлығымызға сабақ болды. Сол себепті біз балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Қоғамдық бақылау жасап бастағанымызды мектептердің көпшлігі, басым бөлігі дәстүрлі оқытуға және әжетхана құрлыстары толық аяқталмаған еді. Мониторинг кезінде байқағанымыз жаңа оқу жылына дайындығы жоғары деп Жамбыл ауданы айтқым келіп тұр. Жалпы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан жұмыс дұрыс жолға қойылған. Пандемияға қарсы барлық сақтық шараларды ескере мектептерде толық жабдықтармен жабдықтаған, мектеп әжетханалары талапқа сай жасақталып, мектеп ғимаратына орналастырылған. Мектеп оқушыларына дәстүрлі білім алуына толық жағдай жасалған. Ал қалған аудан мектептері толықтай дайын емес болып шықты. Мектептердегі әжетханаларға Республикалық бюджеттен 574 млн теңге, жергілікті бюджеттен 546 млн теңге қаражат бөлінген. Соның өзінде әжетханалардың есіктері мен “перегородкалары” қаралмағандығы бұл қалай? деген сұрақтын неше түрлі жауабын ести алдық. Ал екінші мәрте тексеруге барған кезде толықтай дерлік құрылыс аяқталып, дайындықтары біршама жоғары көрсеткішті көрсетті.85% дәстүрлі оқытуға да,әжетхана құрлыстары да дайын екеніне көзіміз жетті. Бұл дегеніміз даму, яғни прогресстің бар екендігін байқауымызға болады.Бұны жетістігіміз деп санауға болады. 2019 жылы яғни, осыдан тура 1 жыл бұрын біз Жуалы ауданының үй-үйі бойынша газы осыдан 10 жыл бұрын кіргізілсе де, үйінде газы жоқ біраз елді мекендерді ауылдарды анықтаған болатынбыз. Сол ауылдарды анықтағаннан кейін, біз Жуалы ауданы әкімдігінен газ келіп тұрған, трубасы есіктің алдына келіп тұр бірақ үйінде газы жоқ мәселесін зерделеуді ұсынған болатынбыз. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда 22 үй анықталып, 22 үйдің ішінде техусловие деген нәрсе бар. Техусловия дегеніміз ол осы дайын үйінде газға ақшасы бар, толық құжатын рәсімдеп алған үйлер де анықталған болатын. Сол мәселе бойынша бүгінгі таңда 22 үйдің мен осыдан 2 күн бұрын Жуалы ауданына барып ең жақын ауылға барып кірі, көріп үй-үйді аралаған болатынбыз. Сонда анықталған 18 үйге газ кіргізілген. Оның 4-еуіне ғана газ кіргізілмеген. Оларға бүгінгі таңда 4 үйіне 95 мың теңге ақша төленді. Ал оның үстіне РайГаздың қосатын бағасы ол 100000 болуы мүмкін, 85000 болуы мүмкіндеген секілді бағасын біздің ұйымнан басқа демеушіліктермен ақшасын тауып береміз деп уәделескен болатынбыз. Осы жобаның арқасында үйлердің барлығына газ кіргізу мәселесінің біршама шешімі табылды. |
2020 жыл тамыз — 2020 қазан | «Бөлімнің даму индикаторлары мен ҮЕҰ іс-қимылдарын мониторингілеуге, мемлекеттік органдарының қызметін бағалауға, тұрғындар арасындағы тіршілік әрекеттегі түйінді мәселелерін анықтау мен қатар қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге бағытталған социологиялық зерттеулерді жүргізу» | “Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” КММ, Тараз қаласы | 892 857 | Бөлімнің даму индикаторлары мен ҮЕҰ іс-қимылдарын мониторингілеуге, мемлекеттік органдарының қызметін бағалауға, тұрғындар арасындағы тіршілік әрекеттегі түйінді мәселелерін анықтау мен қатар қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге бағытталған социологиялық зерттеу жүргізіліп, 300 ден астам респондент қатысты. |
2021 жыл тамыз — 2021 қараша | Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру | “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ, Қазақстан Республикасы, 14 облыс пен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары | 19 458 000 | “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі “ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН ТАНЫМАЛ ЕТУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР КЕШЕНІН ІСКЕ АСЫРУ” атты жоба аясында төмендегідей ісшаралар өткізілуде:
1 міндет. Ана тілін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді сақтау. Өскелең ұрпақты халықты мәдени дәстүрлеріне тәрбиелеу, бастамаларға баулу, ұлттық мақтаныш, азаматтық және патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік және рухани құндылықтарды мәдениет құралдарымен қалыптастыру. Мәдениет саласындағы жас дарындарды, өз шыққан тегін, ұлттық дереккөздерді білетін шығармашыл адамдарды қолдау. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Сауда орталықтары мен қоғамдық көліктерде Ұлттық домбыра күніне арналған «Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра» арналған жастар флешмобын ұйымдастыру. Жастардың халықтық дәстүрлер мен қолөнерге деген қызығушылығын дамыту. Әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ұлттық мерекелер, халық шығармашылығы арқылы әр халықтың мәдениетіне қызығушылықты ояту 1 шара. Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» байқауын өткізу. Білім беру ұйымдары ережеге сәйкес өтінімдер қалдырып, төмендегі әрбір іс-шараға қатысып және әлеуметтік желіге жариялап #ҰлыДалаӨркениеттері хэштегімен белгілеуі міндетті. “Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті. Байқау ағымдағы жылдың тамыз айының 18 жұлдызында бастау алды. 18 тамызбен — 10 қыркүйек арасында байқауға қатысу үшін еліміздің түк — түкпірі 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан youthunion.kz бірлестіктің ресми сайты арқылы 138 өтінім келіп түсті. Байқау ережесі грантберушімен келісілді. Байқау 10 қыркүйектен бастау алып, 20 қазан күні аяқталды. Қатысушы мектептер жоғары көрсетілген іс шараларды өткізгені үшін балл жинады. Ең жоғары балл жинаған білім беру ұйымы 1 миллион теңгеге қолжеткізбек. Екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың, 4-6 орын алғандарға арнайы номинациялар қаралып, 100 мың теңге, 7-9 орын алғандарға демеуші арқылы 50 мың теңге берілетін болады. Белсене қатысқан оқушы мен жетекшісі арнайы журналдан шығарылды.Байқау бойынша жиналған баллдарын әрбір мектеппен жеке жеке келісілді. Байқаудың алдың ала есептеуінің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жеті депутаты, Олимпиада ойындарының жеті қатысушысы, облыстық, қалалық аудандық мәслихаттарының 60 депутаты, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен 46 адам тікелей қатысушы болды. Өтінім берген білім беру ұйымдардан 89 мекеме іс шара өткізсе, оның ішінде 59 мектеп міндеттелген барлық іс шараны өткізген. “Ұлы дала өркениеттері” байқауы аясында тікелей 94 168 бенефициар қамтылып, 1019 түрлі деңгейде іс шаралар өткізілді. Ақпараттық қамту бойынша блогерлер арқылы 561022 қаралым, ал “Ұлы дала өркениеттері” байқау инстаграм желісінда қаралым саны — 150 427, фэйсбук желісінде қаралым саны — 22 832. Барлығы: 734 281. |
2022 жыл қараша — 2022 жыл желтоқсан | «Жанұялық қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері.
Отбасылық құндылықтарды нығайтудың жолдары» |
“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы” КММ | 3 798 482.14 | Жамбыл облысы мектеп психологтарына арналған «Жанұялық қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері» тақырыбында байқау өтті. Шу, Қордай, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Мерке, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм аудандарында сынып жетекшілер мен ата-аналарға арналған «Отбасылық құндылықтарды нығайтудың жолдары» тақырыбында 10 күндік семинар-тренинг ұйымдастыру мен өткізілді. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Білікті отбасы» отбасылық сайысын ұйымдастырылып өтті. |
2023 жыл шілде — 2023 қараша | Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеуге бағытталған әр-түлі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу | «Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ | 2 250 000 | Мақсаты:«Мүгедек жандарға арналған емдік шаралар (иппотерапия, массаж және т.б.), спорттық іс-шаралар (қолөнер, шахмат, тоғызқұмалақ және т.б.)және жоғары білімді медецина мамандарын тарту арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кеңес беру»
— Мүгедек жандарға арналған 10 мерекелік және спорттық мотивациялық іс-шаралар өткізілді -Аудан орталығында мұқтаж 50 мүмкіндігі шектеулі жанмен жоғары білімді, жетістіктері бар психолог маманы, Жоғарғы білімді Невропатолог, логопед, дефектолог мамандарын шақыртып балалармен жұмыстар жүргізілді. Иппотерапияның 10 күндік емдік шарасын мұқтаж 30-40 мүмкіндігі шектеулі (әсіресе қозғалысы қиын балалар) балаға ұйымдастырылды
|
2023 жыл қыркүйек — 2023 жыл қараша | Мини футболдан JAMBYL QYSMET CUP атты облыстық турнир | «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ | 4 500 000 | Тараз қаласында шағын футболдан JAMBYL QYSMET CUP атты облыстық турнир өткізілді. Турнирге он алты команда қатысты. Турнир қатысушылар төрт топқа бөлініп, топтағы әр командамен кездесіп шықты. Нәтижесінде ширек финалда “Облыс әкімдігі” мен “Байзақ құрамасы”, “Талас ауданы” мен “Жамбыл ауданы” ойнады. Турнир қорытындысы бойынша І орын 500 мың теңге “Жамбыл облысы әкімдігі мен Тараз қаласы әкімдігі” құрамасы, ІІ орын 300 мың теңге “Талас ауданы” құрамасы, ІІІ орын 150 мың теңге “Жамбыл ауданы” құрамасы иеленді.
“Үздік қақпашы” болып “Жамбыл ауданы” құрамынан Жомарт Телеуов, “Үздік қорғаушы” болып “Байзақ ауданы” құрамынан Жұман Әбдуалиев;“Үздік ойыншы” болып “Талас ауданы” құрамынан Нұрболат Құрманбай атанды. |
2023 жыл қазан — 2023 қараша | Ұлтық ат түрлері бойынша облыстық фестиваль. | «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ | 11 900 000 | Шу қаласында Сұлтан Бейбарыстың Туғанына 800 жыл толуына орай Бәйге түрлерінен Жамбыл облысының « Әулие-ата жүйрігі» турнирін өтті. Турнирде Құнан бәйге (15 шақырым) 26 жылқы, Аламан бәйге (31 шақырым) 48 жылқы қатысты. Бәйгенің жүлде қоры 10 400 мың теңгені құрады. |