
- Kz
- Ru
- En

Ұрпақтар сабақтастығы
Соңғы жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде республика көлемінде бірқатар мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар өткізілгені анық.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін “Ұлы дала өркениеттері” атты байқау ұйымдастырады.

Байқау – «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отырған үкіметтік емес, орта білім беру ұйымдарымен жұмыс тәжірибесі бар, конкурста жеңіске жеткен, мақсатты пайдалануын растайтын есептер ұсынуымен берілетін сыйақы.
Байқауға қатысуға ниетті орта оқу орындары ереже талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзім ішінде байқауға қатысуға өтінім бере алады.
Байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.
Дереккөз-https://kaz.365info.kz/yrpakhtar-sabakhtastygy-357662
Байланыс
-
Email:
info@youthunion.kz -
Телефон:
8 (707) 550 04 70 -
Мекен-жайы:
Тараз қ., Желтоқсан 78