Мемлекеттік бағдарламалар қоғам назарында

Елбасы ұсынған 100 нақты қадам жоспарының қабылданғанына біршама уақыт өтті. Бұл маңызды құжат ел дамуына бағыт –бағдар беретін  мемлекеттік маңызы зор стратегиялардың бірі болып отыр. Өйткені, бағдарлама аясында  нақты жоспарлар құрылып, жұмыстар атқарылуда.

Салмақты істер жүктеген бағдарламаның өңірдегі орындалу барысы «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы»  ұйымдастырған жиында айтылды.

Әртүрлі жастағы азаматтар  аймақтағы бірқатар нысандарға  барып, бағдарламаның орындалу барысы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген. Саралау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталған.

ИСЛАМБЕК ДАСТАН, «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ  ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бес әлеуметтік бастамадағы ауқымды жобалардың  бірі – халықты баспанамен қамту жүйесі. Бүгінде Тараз қаласында 18399 азамат  үй кезегінде тұр. Биыл  тізімдегі 140 азаматқа жаңа қонысқа көшу бақыты бұйырды.  Жыл соңына дейін 85 пәтерлі 3  көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Ғалия РАМИШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Диля КӨШКЕНБАЙҚЫЗЫ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

Басқосуда сала мамандары мұнан өзге жұмыспен қамту,  кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша мемлекеттік жеңілдіктерді атап өтті. Сондай-ақ тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Байланыс

Жаңалықтар

Біздегі соңғы жаңалықтарды білу үшін, бөлісу үшін жазылыңыз!

    Техникалық сұрақтар бойынша!