Жаңалықтар

«ЭТНО ШЕРУ»

«ЭТНО ШЕРУ» — Әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптейтін жарқын мерекелік шараға шақырамыз!

Күні: 30 мамыр 2026 жыл
Өткізілу орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, MART сауда ойын-сауық орталығының алды, «Көне Тараз» аллеясы, Достық үйі алдында

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚҚ және «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырып отырған этномәдени іс-шарада түрлі халықтардың ұлттық киімдері, салт-дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктері таныстырылады.

Этнос өкілдерінің қатысуымен өтетін шеру достықты, өзара құрметті және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.

🌍 Бірлік пен татулықтың жарқын үлгісіне айналған бұл шара тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлап, мәдени әртүрліліктің байлығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ортақ тарихымыз бен мәдени мұрамызды бірге насихаттайық!

Ұқсас жазбалар

«JASTAR» дамыту орталығы: жастар бастамаларын қолдауға бағытталған ұйым

YouthUnion Redaktor

BIRGEMIZ: QAMQOR

YouthUnion Redaktor

«Заң заман талабы» атты тренинг пен “Жүректен жүрекке” атты акциясы өтті