Жаңалықтар

IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды

Жамбыл облысының әкімдігінің Ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырмасы аясында, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен медиация күніне орай, “IQAS” интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты:
Жасстардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру,жан-жақты дамуына жағдай жасау сондай-ақ құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:
• Қатысушыларға әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдау шаралары туралы нақты ақпарат беру;
• Құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

2025 жылғы 12 қарашада Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Әлия Исмадильдақызының қатысуымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде өткізілді

Screenshot

.

Шара барысында байқауға бес команда қатыстырылып,3 кезең бойынша сұрақтар қойылды.Кезеңдер бойынша
ҚР Конституциясы,Азаматтардың құқықтарының қорғалуы, қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі, өркениеттің дамуы тақырыптарында сұрақтар қойылды.

Байқау қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізу жолдарын көрсетуге бағытталды.

Ұқсас жазбалар

«Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылыққа медиацияның әсері» атты мастер-класс өткізілді

YouthUnion Redaktor

«YOUTH FOOTBALL» атты футбол ойыны өтті

YouthUnion Redaktor

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті