Жаңалықтар

«Пробация есебіндегі азаматтарымен» кездесу

Жамбыл облысының әкімдігінің  ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 06 қараша күні Шу аудандағы “Мәдениет үйінде” ауыл тұрғындары мен «Пробация есебіндегі азаматтармен » құқықтық қызметтерге байланысты еркін форматта кездесу өткізілді.

Мақсат:

Пробация есебіндегі азаматтармен жұмыс істеу әдістемесін түсіндіру, олардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсету және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

       Міндеттер

1.Қатысушыларға пробациядағы азаматтармен жұмыс жүргізудің негізгі қағидалары мен артықшылықтарын таныстыру.

2.Азаматтардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпарат беру.

3.Даулар мен түсінбеушіліктерді бейбіт жолмен шешу тәсілдерін көрсету.

4.Қатысушыларға әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру және азаматтардың қоғамға оң ықпал етуін қамтамасыз ету бойынша практикалық кеңестер беру.

Іс-шара модераторы  «Жамбыл  облысы  Жастар Ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар  Бірлістігінің  Президенті Қ.Әбдиевтің сөзі:

Іс- шара қатысушылармен сәлемдесіп ,шараның негізгі мақсаттарын таныстырып өтті. Ол қатысушыларға пробация есебіндегі азаматтармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері, қауіпсіздік пен тиімді коммуникация ережелері жайлы ақпарат берді. Сондай-ақ аудиторияны белсенділік танытуға, сұрақтар қоюға және өз тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.

Құқықтық сауаттылықты артыруға байланысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арзымбетова Алия Исмадильдақызының сөзі:

Кездесу барысында  пробация есебіндегі азаматтармен жұмыс істеу тәжірибесін жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамға бейімделуін жеңілдететін стратегиялар мен әдістерді көрсетті. Сондай-ақ қатысушыларға әрбір азаматқа жеке көңіл бөліп, олардың қажеттіліктерін ескере отырып, сабырлылық пен әділдік таныту маңызды екенін атап өтті.Сонымен қатар, ол пробациядағы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және дауларды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға ерекше мән берді. Оның айтуынша, мұндай кездесулер тек практикалық кеңес беру ғана емес, қатысушыларға қоғамға оң ықпал етуге мүмкіндік беретін тәжірибелік алаң болып табылатындығын айтты.

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, ұсынылған әдістерді өз тәжірибелерінде қолданудың жолдарын талқылады және  бұл жұмыстардың қоғамдағы сенімділікті арттыруға, адамдар арасындағы түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

Ұқсас жазбалар

«Пробация  есебіндегі азаматтармен кездесу»

YouthUnion Redaktor

“Медиация заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселесі ” кездесуі

«Азаматтық қоғамның әлеуеттін арттыру» семинары өтті