Қызметтер

admin123

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы — бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.
Жылдар ішінде 287 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ).
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 15 маңызды бағыт бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_):

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
10) мәдениет пен өнерді дамыту;
11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.