Жаңалықтар

«Суицидтік мінез құлықтың алдын алу» атты жастармен кездесу өтті

«Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен 12 тамыз күні сағат 11:00-де Тараз қаласы «Руханият» орталығында «Суицидтік мінез құлықтың алдын алу» атты жастармен кездесу өтті. Іс-шараға «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы, «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна және қала жастары қастысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз-өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдағына аттауға дайындау.

Кездесуді бастап, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы – суицид туралы бірнеше мағлұматтармен, мінез-құлыөтың себептерімен бөлісті. Биологиялық себептер. Өзін-өзі өлтіруге бейімділік серотониннің белсенділігін төмендету арқылы анықталады, гипоталамус-гипофиздің осьтеріндегі бұзылулар, мұрагерлік жүктеме. Суицидтік мінез-құлықтың белгілері. Депрессиядан кейінгі суицидтік әрекеттер, басқалардан оқшаулану, жалғыздықты қалайды, ұзақ уақыт отыра алады, дене белсенділігі жоқ. Балалар  достармен кездесуден бас тартады, сабаққа құлқы жоқ, қозғалыстың бұзылуы: түрлі оқшауланудың ауыруы бар, ұйқының бұзылуы, тәбет, ас қорыту функциялары. Балалар неғұрлым қатал, қыздар – жыртқыш, депрессияға ұшырайды. Оқушылар суреттерде өз-өзіне қол жұмсайды, түрлі ойдан шығарылған   оқиғаларды ойлап табады. Өлім туралы әңгімелесу және оны талқылау,келешекке  қызығушылықтың жойылуы, мерекелерді туған күндерді қатты тойлауы немесе осы мерекені атап өтуге мүлде қарсы болуы.. Балалар мен жасөспірімдер шаршайды, сөйлеу, қозғалыстар жиі баяу жүреді, кейде алаңдаушылық туғызды, тітіркену, жылау, үнсіздік. Оқуға деген мотивация жоқ, мектептегі сәтсіздік ұдайы ұйқысыздықпен ауысу, әлсіздік, ойға жиі шомылу, анорексия немесе дене салмағының  азаюы. Жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсайтын ойларын ашық білдіруі мүмкін «Мен өмір сүргім келмейді», «мен жақсы өлемін», «өмір аяқталды». Осындай жағдайлар болмау үшін әр ата-ана балаларының мінез-құлқының өзгерісіне зер сала қарап, оларға үнемі көңіл бөлу керек деп сөзін аяқтады. Өз кезегінде «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна — жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе қаржы проблемасы, психикалық аурулар қоршаған адамдармен түсініспеушілік отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы,зорлық-зомбылық,есiрткi қолдану,әртүрлі компьютерлік ойындар,атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Суицид қасақана, өмір аяқталуының ерікті актісі. Suicidal мінез-құлқы кез-келген әрекет деп аталады.15-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттер жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге әрекет жасалды 5-8% жасөспірімдер екені өте өкінішті. Бүгінгі таңда  бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде Бұл  жағдайда адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді: белгілі бір қиыншылықтардан кету, қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету, басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады, оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен  үлкеннің де, жасөспірімнің де , тіпті, жеткіншектердің де  психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де  әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді.Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері —  адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету — адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай екенін атап өтті.

Кездесу соңында қала жастары өз сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жауаптарын алып естелікке суретке түсті. Кездесуге 20-дан астам қала жастары қатысты және аталған кездесудің ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ-тан жариялымдар жасалды.

Ұқсас жазбалар

«Адал азамат – белсенді қоғам атты» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру жобасы өтті

YouthUnion Redaktor

«Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті