Жаңалықтар

“Психология өмір айнасы” атты білікті психологпен семинар өтті

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің тапсырысы аясында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 22 тамыз күні сағат 9:00-де Жуалы ауданы «Amanat» партиясы ғимаратында «Психология өмір айнасы» атты білікті психологпен семинар өтті. Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жаннұр» жастар денсаулық орталығының психолог маманы Бекмолдаевна Гүлзира, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Намелбек Азамат Намелбекұлы және аудан жастары қатысты.

Жиынның мақсаты — адамның заңға бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.  Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда. Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Ауданымыздың пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай оны өз пайдасына қолдануға, заңдық дағдыларды дамыту сынды дүниелер қамтылды.

Жиынды бастап «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Намелбек Азамат Намелбекұлы мемлекеттік бағдарламалар туралы тусіндіріп, жастарға арналған  бағдарламаларымен таныстырып, мемлекеттің тарапынан бөлініп жатқан грантар мен бағдарламалар туралы айтты.

Өз кезегінде — пробация есебінде тұрған тұрғындарды жалпы ережелермен таныстырып, психологиялық кеңестер берді. «1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

  1. Пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді.
  2. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді» — деп нақты аргументтер келтіріп өтті.

Жиын соңында пробация есебінде тұрған тұрғындар көкей кесті сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан нақты жауаптарын алып, өз алғыстарын білдірді. Жиынға 10-нан астам пробация есебінде тұрған тұрғындар қатысты және жиынның ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды.

Ұқсас жазбалар

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

YouthUnion Redaktor

«Заң заман талабы» атты тренинг пен “Жүректен жүрекке” атты акциясы өтті

Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік және ЖЖЖА алдын алу мақстатында білікті медицина маманын тарта отырып тұрғындармен кездесу өтті

YouthUnion Redaktor