«Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен 23 тамыз күні сағат 12:00-де Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығында» «АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Намелбек Азамат Намелбекұлы және аудан жастары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету. .
«Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна – ерте жүктіліктің не екенін және елімізде осы жағдай бойынша статистикамен таныстырып өтті. Өз сөзін «Қазіргі заманда қыз балалардың жыныстық дамуы ерте жүреді, сондықтан да сексуалдық қалау да ерте дамиды. Ата-аналардың басты мақсаты балаларды жыныстық өмірге психологиялық дайындау керек және де бұл əрекеттер балалар жыныстық өмір бастамай тұрып ерте жасалу керек. Жүкті болған қыз балалар не істерін білмей күйзеліске беріледі. Жас əкелер əдетте шеттетіп, «өзің шеш» деп кетіп қалады. Өзін кінəлі сезінген қыз шеттенеді. Аборт жалғыз жол болып көрінеді. Ал аборт көптеген гинекологиялық ауруларға тіпті бедеулікке әкеледі» — деп жалғастырды Калдыбаева Гульзира Бекболатовна. Және де ерте жүктіліктің қауіптілігі жайлы айтып, АИТВ-дан сақтану жолдарын түсіндіріп кетті.
«Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Намелбек Азамат Намелбекұлы өз кезегінде жас қыз келіншектерімізбен өз ойымен, ақылымен бөлісті. Және де өз сөзін «Қазақ қыздары әрқашанда ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар — намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы болмақ» — деп аяқтады.
Іс-шара соңында аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан нақты жауаптарын алды. Жиынға 20-ға жуық аудан тұрғындары қатысты және жиынның ақпараты әлеуметтік желілермен БАҚ-та жарияланды.