«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі — 2002 жылдың 8 қарашасында құрылған.
Бірлестіктің мақсаты — жастар ұйымдарының консолидациясы болып табылады. Осы күнге дейін 20-дан астам мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орындалып, Қауымдастықтың «Темірқазық» жастар қозғалысы, мемлекеттік «Операция Марс», «Ұлы Дала Өркениеттері», «Қоғамдық бақылау» секілді үлкен жобалары жүзеге асырылды.
2012 жылы Қауымдастықтың мүшелігінде 17 бірлестік болса, қазіргі танда 30-дан астам ұйымның басын біріктірді. Оның 70%-ы облыс, қала, аудан аумақтарында белсенді жұмыс жүргізуде. Қауымдастық тарапынан жастар қоғамдық бірлестігінің ашылуы мен тіркелуіне, мемлекеттік тапсырысқа қатысуына консультативтік көмек берілуде. 2018 жылы ұйым «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру», «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты ірі жобаларды жүзеге асырды, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай «Тарих ізімен», мерейтой қарсаңына ашылған құрылыс нысандарында блог-тур ұйымдасты- рып, элеуметтік желілер арқылы мерейтойдың дайындығы мен өтілу барысы туралы толық ақпараттар жариялады.
Бірлестік мақсаты: Мемлекеттік саясатты насихаттау, азаматтардың құқықтық-саяси сауаттылығын, азаматтық белсенділігін, көшбасшылық пен басқарушылық қабілеттерін арттыру және саласына қарай әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру бойынша жобаларды жүзеге асыру.
Бірлестік төрағасы — Әбдиев Еркін.