Жаңалықтар

«Ұрпаққа үлгі – ардагер» мерекелік іс-шарасы өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Тараз қаласында «Ұрпаққа үлгі – ардагер» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша “Жамбыл облысы Жастар ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік шараға қаладағы ардагерлер, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, көп жылғы еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді араласуы атап өтілді.

Мерекелік жиын барысында бірқатар ардагерлер Тараз қалалық мәслихатының «Құрмет» грамотасы және «Алғыс» хаттарымен, сондай-ақ Тараз қаласы әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс» хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар ардагерлерге Тараз қаласының «Құрметті ардагері» төсбелгісі табысталды.

Іс-шара барысында ардагерлерге ақ батасын беру рәсімі ұйымдастырылып, Жамбыл облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік кештің көркін «Әулиеата» ансамблі мен жеке орындаушылардың әндері және шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Халықаралық қарттар күні – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ететін ерекше мереке. Осындай шаралар арқылы ардагерлердің еңбегі дәріптеліп, ұрпақтар сабақтастығы мен үлкенге құрмет құндылықтары насихатталады.

Ұқсас жазбалар

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

YouthUnion Redaktor

Сарысу ауданында жасөспірімдердің репродуктивті сауаттылығына арналған семинар өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция және Медиация – бірлікке бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті

YouthUnion Redaktor