Жаңалықтар

Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті

«Жамбыл облысы әкімдігі» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен 27-28 қазан күндері Т.Рысқұлов ауданы — Құлан ауылы; Шу ауданы — Төле би ауылы, Шу қаласы; Қордай ауданы — Қордай, Қаракемер, Масанчи және Сортөбе ауылдарында елімізге танымал Дінтанушы, психолог – Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу.

Дінтанушы, психолог – Нұрлан Байжігітұлы — қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпараттармен бөлісті. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламторға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті. Сонымен қатар «өнегелі отбасы», «ерінің разылығын алу», «бала тәрбиесі» «шаңырақ берекесін арттыру» жайлы насихат айтып, еркін сұхбат жүргізді. «Алла Тағала Құран Кәрімнің Тахрим сүресінің 6-шы аятында: «Ей иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адам мен тастан болған тозақ отынан сақтаңдар. Оның жанындағы періштелер қатал әрі зор. Олар Алланың әміріне бой ұсынғандар, Раббысына қарсы келмейді», — делінген. Осы аяттан түсінгеніміз отбасы құндылығына немқұрайлы қарау, өзіңді және ұрпағыңды отқа тастағаның. Әрбір отбасының егесі әйеліне, бала-шағасына жауапты және жанұясы үшін ертең Алла Тағала алдында амалдары таразыға түсетінін естен шығармағанымыз абзал. Халқымыз үйлену оңай, үй болу қиын деп текке айтпаса керек. Отбасылық өмірдің мәнді де, сәнді болуы ең алдымен тәрбиеге байланысты» — деп отбасыдағы тәрбиені де айтты. Отбасының қадірін білу керектігі және сол сияқты көптеген ақпараттармен бөлісті.

Кездесудің соңында қала мен ауыл тұрғындары өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағлұматтарын, рухани әсер алды.

 

 

Ұқсас жазбалар

Creativ Hub шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

YouthUnion Redaktor

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

«Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті