Жаңалықтар

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті

«Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен 16 қазан күні сағат 10:00-де Тұрар Рысқұлов ауданы «Құлан агротехникалық» жоғары колледжінде  «АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің маманы – Орынбай Елдана және колледж студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.

Іс — шараның модераторы — «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің маманы – Орынбай Елдана шараны бастап, тақырыппен таныстырып өтті. АИТВ/ЖИТС ауруларының не екенін, оның қалай пайда болатынын да айтып өтті. Жастар арасында сауалнама жүргізіп, жастардың ойын білді.

«Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна өз кезегінде АИТВ/ЖИТС ауруларының қалай пайда болатынын, одан қалай сақтану керектігі туралы ақпараттармен бөлісті. Және де ерте жүктілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оның зияндылықтарын атап өтті. Осындай кезеңдерде жеке бас тазалығының маңызды екенін де айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, АИТВ/ЖИТС ауруларының көбейіп жатқаны осы энергетик, наркотик, қорғанбаған жыныстық қатынастың кесірінен екенін нақтылап айтты. Сөз соңында зиянды заттарға жоламауға, қорғанбаған жыныстық қатынасқа түспеуге шақырды.

Іс – шара соңында сұрақ – жауап жүргізіліп,  жастармен естелікке суретке түсті. Шараға 100-ден астам колледж студенттері қатысты. Шараның ақпараты әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ұқсас жазбалар

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті

Таразда жас қаламгерлердің шоғыры қалыптаспақ

admin123

«Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары» атты қыздармен кездесу өтті