Жаңалықтар

Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік және ЖЖЖА алдын алу мақстатында білікті медицина маманын тарта отырып тұрғындармен кездесу өтті

«Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен 22 тамыз күні сағат 11:00-де Жуалы ауданы «Amanat» партиясы ғимаратында «Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік және ЖЖЖА алдын алу» мақстатында білікті медицина маманын тарта отырып тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуге «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Намелбек Азамат Намелбекұлы және аудан жастары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — жасөспірім кезіндегі жүктіліктің статистикасы және жүктіліктің жетіліп келе жатқан ағзаға теріс әсері, қыздарды болуы мүмкін қателіктерден сақтандыру сұрақтары қамтылды. Мәселемен күресудің ең жақсы жолы оның алдын-алу.

Алғашқы сөзді «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна бастап жастарға аталған тақырып аясында қазіргі таңда қоғамда белең алған, қордаланған мәселелерді жіпке тізді. Мәселен, жүктіліктің болмауы, бедеулікке алып келетін себептер сонымен бірге ерте жүктіліктің зиянын тәлім мен тәрбиеге ұштастырып, денсаулыққа күтім ұғымы үнемі назарда болу керектігін атап өтті. Тағы да сол сияқты көптеген кеңестерді, жеке бастың гигиенасының маңыздылығын айтып кетті.

Өз кезегінде «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Намелбек Азамат Намелбекұлы өз ойымен бөлісті. Көптеген аргументтер келтіріп, ер адамдардың ойы жайлы да өозғап өтті. Және де жас қыздарға сақтанып жүруге, ер адамдарға сенбеуге шақырды. Ал ата аналарға балаларымен достық қарым-қатынас орнатуға, оның жеке өміріндегі өзгерістерден хабардар болуға және қажет болған жағдайда оңды кеңестер айтып, көмектесіп немесе моральдық жағынан қолдау көрсету керек екенін де айтып өтті.

Кездесу соңында аудан тұрғындары көкей кесті сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан нақты жауаптарын алып, өз алғыстарын білдірді. Жиынға 20-ға  жуық қала тұрғындары қатысты және жиынның ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды.

Ұқсас жазбалар

“Психология өмір айнасы” атты білікті психологпен семинар өтті

«Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары» атты қыздармен кездесу өтті

«Заң заман талабы» атты тренинг өтті

YouthUnion Redaktor