Жаңалықтар

«Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары» атты қыздармен кездесу өтті

«Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шөлдала ауылы №54 орта мектебінде Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары»  атты қыздармен кездесу өтті. Кездесуге «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна, «Жастар денсаулық орталығы» гинекологы — Кулбаева Карлығаш Муратовна, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің белсенді мүшесі – Орынбай Елдана және мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қыздарды ерте жүктіліктен, бедеуліктен, АИТВ ауруларынан сақтануға шақыру. Қазіргі кезде көптеген қыздар осы мәселелер бойынша зардап шегуде. Біздің мақсатымыз осындай мәселелердің алдын алу. Енді жетіліп келе жатқан кезеңде қыздарға түзу жолды көрсетіп, осы тақырып бойынша сауаттарын ашу.

Іс-шараны «Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының психологы – Калдыбаева Гульзира Бекболатовна бастап, қыздарға тақырыпқа қатысты күрделі мәселелерді түсіндіріп, ерте жүктіліктің зияндылығын, бедеуліктің неден пайда болатынын, жеке бас гигиенасы туралы да толық түсіндіріп өтті. Және де осы мәселелер өтпелі кезеңде кездесетінін, бұл кезеңде ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу керектігін түсіндірді.

Өз кезегінде «Жастар денсаулық орталығы» гинекологы — Кулбаева Карлығаш Муратовна – қыз баласының ағзасы жайлы, бұл мәселелердің неден туындайтынын, бұл кезеңде не істеу керектігі жайлы ашып айтты. Осындай мәселе болып қалған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін, бірақ осындай мәселеге жетпес үшін істеу керек шараларды айтып өтті. Және АИТВ аурулары калай, кайдан пайда болатынын, ол жұқпалы ауру екендігінде айтып, жеке бас гигиенасына мән беру керектігін айтты.

Сөз соңында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің белсенді мүшесі – Орынбай Елдана – білікті мамандардың сөзіне қосылып, осы тақырып бойынша өз ойын білдірді.

Кездесудің соңында мектеп оқушылары өз сұрақтарын қойып, білікті мамандар тарапынан нақты жауаптарын алды. Кездесуге 100-ге жуық кыздар қатысты. Кездесудің ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды.

Ұқсас жазбалар

«Дәстүрлі дінімізді насихаттау» семинар — кездесу өтті

YouthUnion Redaktor

Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті

YouthUnion Redaktor

«Адалдық — ардың ісі» атты жастармен кездесу өтті