Жаңалықтар

«Заң заман талабы» атты тренинг өтті

“Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ-нің тапсырысы аясында “Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25 шілде сағат 10:00 де Жуалы ауданы , “Мәдениет үйі ” ғимаратында  «Заң заман талабы» атты құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған білікті заңгермен тренинг өтті.     Іс-шараға,  Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі әрі заңгер – Дастан Исламбек Дастанұлы, жобаның менеджері әрі  “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы,  «Жамбыл облысы Жуалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің” бас маманы – Әсілбек Нұргүл, «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Жуалы аудандық ПҚБ» бастығының м.а. әділет капитаны Б.Бекмолдаев және аудан тұрғындары қатысты.

Тренингтің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін , сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайтыны жайлы мәлімет беру. Тұрғындардың заң бойынша сауаттылықтарын арттыру және әр адамның өз құқықтары жайлы толықтай түсіндіру.

   Сондай-ақ спикерлер тарапынан да тағылымды ақпараттар берілді. Мәселен, “Жамбыл облысы әкімінің” кеңесшісі әрі заңгер – Дастан Исламбек Дастанұлы – “Кто убийца” атты кітапты мысалға ала отырып, көптеген адамдардың жіберетін қателіктерін атап өтті және де заңгер ретінде өз кеңестерімен бөлісті. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің” бас маманы – Әсілбек Нұргүл — құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік органдар жайлы ақпаратпен бөлісті. Ал «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Жуалы аудандық ПҚБ» бастығының м.а. әділет капитаны Б.Бекмолдаев аудан тұрғындарына құқық қорғау органының тәртіптік комиссиясы – тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдарын қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында құқық қорғау органында құрылатын тұрақты алқалы органдарға  және т.б құқықтар туралы заңдарға тоқталып өтті. Шараның модераторы “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы өз кезегінде тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі қағидаларын) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарында қолданыстағы қызмет әдебі қағидаларын) бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы және “Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия” туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті.

Шара соңында аудан тұрғындары спикрелерге бірнеше көкей-кесті сауалдарын қойып, спикерлер тарапынан жауаптарын алып естелікке суретке түсірді. Шараға жалпы 30 ға жуық аудан тұрғындары қамтылды және аталған шараның ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ тан жарияланымдар жасалды.

Ұқсас жазбалар

Жамбыл облысында «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы өтті

«Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік алдын алу, АИТВ аурулары» атты қыздармен кездесу өтті

«Ай астындағы тұмса жыр» атты поэтикалық кеші өтті