Жаңалықтар

«YOUTH FOOTBALL» атты футбол ойыны өтті

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның бастауымен 21маусым күні сағат 10:00-де  Қордай ауданының есепте тұрған жастар арасында «Youth football» атты футбол ойыны өтті. Іс-шараға “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы,  “Жамбыл облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті Қордай аудандық пробация қызметінің” бастығы – Темірхан Ошанов және есепте тұрған жастар қатысты.

Ойынның мақсаты денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру және спортқа баулу. Салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуды үйрету. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту болып табылады.

Іс-шараны бастап ашқан “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы — денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру керек. Денсаулық — баға жетпейтін асыл дүние. Әрбір адам өз  денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл — күйі көтеріңкі болып, еңбекке құлшына кіріседі.
Ендеше зиянды әдеттерден аулақ болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық. Ал құрметті жарысқа қатысушы топтар сіздерге сәттілік тілеймін. Сіздер бүгін өздеріңіздің шапшаңдықтарыңызды, ұйымшылдықтарыңызды, ойшылдарыңызды, ептіліктеріңізді көрсететін боласыздар. Өз кезегінде “Жамбыл облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті Қордай аудандық пробация қызметінің” бастығы – Темірхан Ошанов – құрметті қатысушылар және көреремендер! Сіздерді «Youth football» атты футбол ойынына келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талаптанып, соған қоғам да, мектеп те жағдай жасап, денсаулықты сақтауға нығайтуга ат салысуымыз қажет. Ол ушін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді, спортты әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз.

Көп адамдар денсаулығына мән бермейді – «Қолда бар алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай» демекші, салауатты өмір салты туралы біліммен қаруланумыз қажет.

Шара соңында марапаттау рәсімі болып, қатысқан әр топқа жүлдері табысталып, естелікке суретке түсті. Шараға жалпы 50-ге жуық есепте тұрған жастар қатысты  және аталған шараның ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ тан жарияланымдар жасалды.

Ұқсас жазбалар

Ерте жүктіліктің, жасанды түсіктің, бедеулік және ЖЖЖА алдын алу мақстатында білікті медицина маманын тарта отырып тұрғындармен кездесу өтті

YouthUnion Redaktor

Таразда жас қаламгерлердің шоғыры қалыптаспақ

admin123

«АИТВ-дан не білеміз» атты дөңгелек үстел өтті