Жаңалықтар

«Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті

«Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің тапсырысы бойынша «Жамбыл облыстық  жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ –нің ұйымдастырумен 13 тамыз күні сағат 10:00-де  «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының акт залында  «Пробация қызметінде есепте тұратындарды психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік практикалық түрлі құжаттамалар алу, жұмысқа тұру» мәселері туралы жиын өтті. Жиынға «Жамбыл облыстық  жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ –нің менеджері Қияшов Қуаныш, Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Шалабаев Бейсен Қалиханұлы, Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі аға инспектор заңгері Ерман Балдықыз Тілеубердіқызы, Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының уақытша жұмыс орындар мониторинг бөлімінің басшысы Омар Данияр Ержанұлы, аудандық маслихат депутатты Балғабай Бауыржан және пробация есебінде тұрған тұрғындар қатысты.

Жиынның мақсаты — адамның заңға бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.  Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда. Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Ауданымыздың пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай оны өз пайдасына қолдануға, заңдық дағдыларды дамыту сынды дүниелер қамтылды.

Алғашқы сөз кезегі Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Шалабаев Бейсен Қалиханұлы мемлекеттік бағдарламалар туралы тусіндіріп өтті. Пробция тізімінде тұрғандарға мемлекеттің тарапынан бір жолғы көмек көрсетілетінің жеткізді.

Келесі сөз кезегін Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі аға инспектор заңгері Ерман Балдықыз Тілеубердіқызы жастарға арналған  бағдарламаларымен таныстырып пробоция тізімінде тұрған жастарды алдағы өтетін іс-шараларға шақырды.

Өз кезегінде Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының уақытша жұмыс орындар мониторинг бөлімінің басшысы Омар Данияр Ержанұлы сөз тізгінің алып мемлекеттік тарапынан бөлініп жатқан грантар мен бағдарламалар туралы айтты. Пробоция тізімінде тұрған жұмыссыз кісілерді жұмысқа шақырып, алдағы уақытта өтетін жерменкелерге қатысуларына түсіндіру жұмыстары жүргізіп өтті.

Келесі сөз кезегін аудандық маслихат депутатты Балғабай Бауыржан аудан жастары атынан сойлеп, алдағы уақытта көмектесетінің жеткізді.

Сөз соңында «Жамбыл облыстық  жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ –нің менеджері Қияшов Қуаныш келген коңақтарға алғыс айтып, алдағы уақытта өтетін іс-шараларға шақырды.

Жиын соңында пробация есебінде тұрған тұрғындар көкей кесті сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан нақты жауаптарын алып, өз алғыстарын білдірді. Жиынға 20-дан астам пробация есебінде тұрған тұрғындар қатысты және жиынның ақпараты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды.

 

Ұқсас жазбалар

Creativ Hub шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

YouthUnion Redaktor

«Адал азамат – белсенді қоғам атты» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру жобасы өтті

YouthUnion Redaktor

Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті

YouthUnion Redaktor